Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарын жүйелі мониторингілеуді биылғы жылдың мамыр айынан бастап жүргізуде. Жаңа оқу жылының қарсаңында жуырда барлық мектептердің дайындығы тағы бір кешенді мониторингтен өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мониторингтің негізгі мақсаты – мектептердің оқу жылына дайындығының жай-күйін анықтау, оқушылардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына жағдай тудыру. Оқу нысандарын аралау кезінде министрлік өкілдері мектептердің қазіргі ахуалына, ресурстарына және білім саласындағы НҚА талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізген.
Осы жылы 193 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке аяқталады. Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде дейін 51 мектептің жөндеу жұмыстарының келісімшартқа сәйкес жылдың соңында, ал 17 мектептің жөндеуі келесі жылдың басында аяқталатыны анықталды.
Министрліктен әкімдіктерге оқу жылы басталғанға дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша қажетті шараларды қабылдау, оқу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру ұйымына және үйлеріне тасымалдауды ұйымдастыру үшін уақытша білім алу орындарын айқындау туралы ұсынымдар берілді.
«Министрлік білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын күн сайын қадағалап отырады. Бұл мониторинг балаларымыздың сапалы білім алуының, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын арттырудың негізгі құралы болып табылады. Осы жылдың тамыз айының соңында министрлік кезекті мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда», - делінген хабарламада.