Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша қарастырылады
Жаңалықтар

Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша қарастырылады

17.01.2024
1 мин
0
1017
Фото: forbes.kz

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Бишімбаевтың ісі танысуға жіберіледі. Екі бап бойынша», - деді ол.

Вице-министр Қуандық Бишімбаевтың ағасы «Қылмысты жасырғаны үшін» бабы бойынша қарастырылатынын айтты.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін  өлтірді деп күдікке ілінген еді. 12 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты тағы үш қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды. Оның бірі ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша ашылды. Оның аясында гастро-орталық директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 30 қарашада Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Аталған іске қатысты материал БҰҰ сайтында да жарияланған. Бұл туралы 4 желтоқсанда ҚР парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл