Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының Жымпиты ауылында қайғылы оқиға тіркелді. Жекеменшік тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 4 маусым күні кешке тұтанған. Үйде сол сәтте балалар ғана болған, ата-аналары жұмысқа кеткен. Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
Құтқарушылар оқиға орнына небәрі бес минутта жеткен. Балаларды үйден ес-түссіз күйде алып шығып, дереу ауруханаға жеткізгенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар көмірқышқыл газына уланған.
Марқұм балалардың ең үлкені бес жаста болған. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.