Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
1 маусымда алғаш рет республика бойынша мектеп бітіруші түлектер үшін «Соңғы қоңырау» салтанаты өтіп жатыр. Жалпы алғанда биыл 3 миллион 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл 172 мың жас түлек мектеппен қоштасты, оның 6 мың 800-і «Алтын белгі» үміткерлері. Ал 9-шы сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамдап отыр.
Министрліктің айтуынша, осы жылы 1-10 сыныптар аралығындағы балалардың 85,3%-і жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар.
Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс жасайтын болады.
Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс жасайды.
Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды.
Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстарға қатыса алады.