Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады: себебі бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ та болуы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20, кейде 23 м/с дейін жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан екпіні 3–8 м/с болып соғады. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 12 м/с дейін жетеді. Түнде +2…+4°C, күндіз +19…+21°C.
Ақтауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Атырауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 0–5 м/с, күндіз екпіні 5–10 м/с болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +23…+25°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15–20 м/с дейін. Түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15–20 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.
Павлодарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз +2…+4°C.
Петропавлда бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен қар), күндіз жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде -2…-4°C, күндіз +1…+3°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15–18 м/с болады. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 14 м/с дейін жетеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15–20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.