Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстанның бірқатар ірі қалаларында ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
29 мамырда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болмақ? OpenWeather порталының мәліметінше, бұл күні:
Алматыда ауа райы сәл бұлтты болады. Күндіз термометр 25 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 3,2 м/с болады.
Астанада синоптиктер өткінші жаңбыр күтілетінін болжайды. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін жетіп, түнгі уақытта 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні – 7,0 м/с шамасында.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,3 м/с деңгейінде болады.