Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Buyers Union” қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Жаңалықтар

“Buyers Union” қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

31.03.2025
1 мин
2
191
Сурет: ult.kz

2025 жылғы 26 ақпан күні Қаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған "Buyers Union" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген. 

Сонымен қатар кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. 

Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған.

Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.

Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған. 

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етугежатпайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Арайлым 31.03.2025
Ал Buyers Union ешқандай кіріс , пайыз уәде еткен жоқ ! Алған баспаналары мен автокөліктерінің сомасын пайызсыз қайтарады . Сот шешімі шықпай жатып , халыққа дұрыс емес ақпарат беріліп отыр. Басқа мемлекеттерде тұтыну кооперативтері қарқынды жұмыс жасап жатыр , неге біздің мемлекетте жұмыс жасауға мүмкіндік жоқ , кем кетігін дұрыстап , қолдау білдірудің орнына , өзіміздің құзырлы органдар аяқтан шалады. Халықтың қазір көзі ашық , көкрегі ояу. Халықты адастырмаңыздар ! Халықты сескендіріп , шулатып , бұрынғы кооперативтер сияқты жауып тастау ма , сондағы мақсат?
Жауап беру
А
Арайлым 31.03.2025
Қайырлы күн ! Неге соттың шешімі шықпай тұрып , қаржы пирамидасы деп таңылады ? Тұтыну кооперативтеріне жұмыс жасауға қашан жол береді ? Қарызсыз қоғам деп программалар ашылады ? Бұндай бағдарламаларға неге жұмыс жасауға мүмкіндік берілмейді ? Пирамида ол салған сомасының қандайда пайызсын алып отырасыз деп уәде етіледі ғой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл