Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Daryn.online платформасы еліміздегі ең үздік EdTech компания атанды
Жаңалықтар

Daryn.online платформасы еліміздегі ең үздік EdTech компания атанды

06.02.2023
1 мин
0
1595

2-3 ақпан Алматы қаласында Digital Almaty 2023 халықаралық tech форумы өтті. Форумда цифрландыру саласындағы үздік компаниялар марапатталды. Соның ішінде, Bugin Holding компаниясына қарасты Daryn.online платформасы жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік EdTech жоба» номинациясын жеңіп алды.

EdTech (қаз. білім беру технологиялары) – білім беру саласындағы заманауи технологияларды біріктіретін инновациялық шешімдер. Бұл номинация инновациялық тәсілді қолданып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешетін және ең үздік сапалы қызмет көрсетуші жобаға беріледі. Номинацияны Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян табыстады.

Bugin Holding – өз экожүйесін қалыптастырған, заман талабына сай жабдықталған еліміздегі алғашқы қазақ тілді IT компания. Холдингтің ІТ нарығында танымал бірнеше жобасы бар: Ма-Ма!, OrdaGen, Daryn.online, Daryn Teacher, Educenter, Bugin.kz және т.б.

Осы жобалардың ішінде ең танымалы: 4 млн-нан астам оқушы мен ұстазға қашықтан сапалы білім беруді қамтамасыз етіп отырған Daryn.online платформасы. Өткен 2022 жыл Daryn.online үшін табыс пен тәжірибеге толы болды:

● Компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты;

● Prometheus School -дың құрылтайшысы атанып, еліміздегі алғашқы гибридті мектеп идеясын жүзеге асырды;

● Мектеп процестерін автоматтандыруға (LMS) арналған Daryn Pro жобасы іске қосылды;

● Daryn Teacher 2.0 іске қосылып, оқушылар 180 000+ рет мектеп сабақтары бойынша қиындық тудырған сұрағына жауап алды;

● Daryn Tutor 3 117 астам жаңа репетитор қосылып, 2 261 оқушы өзіне жақын аймақтан репетитор тапты;

● Білім алушыларға контентті ойын методикасы арқылы беруге арналған Daryn GO жобасы іске қосылды;

● Оқу процесін тежейтін күрделі тапсырмаларды шешудегі көмекші Daryn Help жобасы іске қосылып, 10 000-нан астам сұраққа жауап берілді;

● Daryn.online қызметтері білім алушылар арасындағы бағалау бойынша (NPS) 82% қолданушының көңілінен шықты;

● Онлайн білімді одан да сапалы әрі қолжетімді ету мақсатымен және платформа қолданушыларының сұрауымен әр пән бойынша көмекші куратор қосылды;

● Daryn.online платформасында өткізілетін олимпиада Қазақстандағы ең танымал әрі жиі тапсырылатын олимпиада атанды. 87 500 оқушы мен 34 800 мұғалім олимпиадада бақ сынады;

● Daryn.online -мен 14 429 оқушы ҰБТ-ға дайындалып, оның 75,2%-ы грантқа түсті және байқау сынағы 345 026 рет тапсырылып, орташа көрсеткіші 72,6 баллды құрады.

«Daryn.online -ның алдағы жоспары: еліміздегі сәтті жобаларды шетел нарығына экспорттау. Біз қазір Өзбекстан нарығына ағылшын тілін енгізіп жатырмыз, ал Сауд Арабиясы мен Индонезия нарығына математика пәнін (iDaryn) біздің қалыптастырған методикамен сол елдің тілдерінде жасаудамыз. Білім бізді біріктіреді, біз бұған сенеміз», – деді Daryn.online платформасының негізін қалаушылардың бірі Айбек Қуатбаев.

Daryn.online миссиясы – сапалы білімді қолжетімді ету, еліміздегі білім сапасын арттыру жолында жаңа технологиялар мен инновацияларды жасау.

Кез келген оқушының білім алып, ұстаздың сабақ беріп және ата-ананың дамуы үшін Daryn.online заманауи шешімдер қабылдап, алға қойған жоспар бойынша жұмыс істеуге әзір.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл