Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәулет Төлеутайұлы: «Көктемде таза құрт өндірісі іске қосылады»
Жаңалықтар

Дәулет Төлеутайұлы: «Көктемде таза құрт өндірісі іске қосылады»

26.01.2021
1 мин
1
1517

Дәулет Төлеутайұлы Қарағанды қаласындағы «Нәтиже» сүт фабрикасының басшысы Ерлан Әшіммен кездесті. Кездесу барысында Ерлан мырза таза құрт жасау құпиясымен бөлісіп, сүт өнімдерін шығару барысында тәжірибе алмасты.

«Басты мақсатым - ой түбіндегі арманымды жүзеге асыру. Таза құрт шығару туралы жоба естеріңізде ме?! Сол жобам Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлына ұнап, тікелей маған қолдау көрсететінін айтты», - деп жазды Дәулет Төлеутайұлы Instagram парақшасында.

«Нәтиже» компаниясынан шығатын сүт өнімдері Қарағанды, Жезқазған, Нұр-Cұлтан, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау қалаларына тарайды. Ерлан мырзаның тәжірибесі,  бизнестегі сауаттылығы, білімі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің арқасында өнімдер жоғары сапаға ие. Кәсіпкердің тоқсаныншы жылдары қиын қыстау кезеңдерде бастаған бизнесінде бүгінде мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Осы орайда, жақында қала әкімінің қабылдауында болған Дәулет Төлеутайұлы Instagram желісінде оқырмандарына қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ол өз сөзінде Ерлан мырзаға алғысын білдіріп, көктемде Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір отандық құрт өнімі пайда болатынын жазды.

Назерке БАЙЖАН

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Алтын 26.01.2021
Қуаныштымыз тек ғана алға сәттілік
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл