Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бағыт беріп жүрген Дәулет Төлеутайұлы өзінің Instagram парақшасында мүмкіндігі шектеулі жанға кәсіп бастауға көмек беретінін жазды.
Жаңа бастама барысында Дәулет Төлеутайұлы бір мүмкіндігі шектеулі жанға жыл соңына дейін кәсіп бастауға ментор ретінде бағыт-бағдар беріп, бизнеске қажетті барлық керек заттармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кәсіп бастаған жанды қолдау мақсатында жарнама да жасайды.
«Оқырман арасынан бір мүмкіндігі шектеулі жанның кәсіп бастауына атсалысу жайлы жазған едім. Бұл шараның атын «Дәулетті кәсіп» деп қойдым. Осылайша, бір қазақтың өсуіне, кәсіп бастауына жол ашылмақ»,- деп жазды Дәулет Төлеутайұлы.
Бұл шараға 1-2-3 топ мүмкіндігі шектеулі жандар қатыса алады. Іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Аталмыш санатқа жататын кәсіп бастағысы келетін жандар dauletten@mail.ru поштасына өзі жайлы ақпарат (отбасы жағдайы, байланыс нөмірі) жолдауы керек. Сондай-ақ, үміткер қандай кәсіп ашқысы келетінін жазып, электронды поштаға мотивациялық хат жолдау міндетті. Хаттар dauletten@mail.ru поштасы арқылы 10 шілдеге дейін қабылданады.
Сонымен қатар, ол өзінің парақшасында қазақстандық блогерлерге ұсыныс білдірді. Дәл осындай бастаманы челлендж ретінде жалғастырса, бір жанның кәсіп бастауына себепкер болатынын алға тартты.
«Осындай істі барлық блогерлер челлендж ретінде жасаса екен деймін. Бір блогер бір жанның кәсіп бастауына атсалысып, алға жылжып кеткені қандай жақсы?! Дәулетті жандар көбейе берсін. Байыса қазақ байысын», - деп жазды Дәулет Төлеутайұлы.
Тағы көру