Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазгидромет мәліметтері бойынша, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі циклонға байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағындағы ауа райы тұрақсыз болуына әсер етеді.
"Найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін, ал солтүстік-батыста, сондай-ақ, оңтүстік өңірлердің таулы аудандарында және тау бөктерінде жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста түнде, таңертең 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, болжам бойынша, батыста күндізгі температура 8-18 градустан 15-28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
"Қалған аймақтарда температура төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта 25-30 градустан 15 градусқа дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33 градустан 17 градусқа дейін болады", - делінген хабарламада.