Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса әнұранының бастапқы нұсқасын қайтару қерек екенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың сөзінше, әнұран өлеңіндегі кейбір сөздер қисынға келмейді.
“Әнұранның әні жақсы, сөзіне онша қосыла алмаймын. «Аман сау қалыппыз» деп екі рет айтудың әнұранға не керегі бар? Дәл қазіргі әнұранға кей авторлар жолдан қосылып, көптеген өзгеріс енгізіп жіберді. Кезінде Шәмші мен Жұмекен Үкімет үйінің емен есігінен де кіре алмады. Әнұранның мәтініне өмірден өтіп кеткен екі адамның ортасына барып Елбасымыз кірді деп бұған дейін де айтқанмын”, – дейді ол.
Депутаттың айтуынша, әнұранның бастапқы нұсқасын қайтарған жөн екен.
“Өзгертсе, бұған дейінгі нұсқасын қалдыру керек”, – деді Қазыбек Иса.