Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дизельдің қымбаттауына кім себепкер: Бас прокурор жауап берді
Жаңалықтар

Дизельдің қымбаттауына кім себепкер: Бас прокурор жауап берді

18.01.2023
1 мин
0
588

Дизель отыны бағасының өсуіне мұнай берушілердің айла-шарғысы себеп болған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Прокуратура органдары Қаржылық мониторинг, Бəсекелестікті қорғау жəне дамыту агенттіктерімен бірлесіп, дизель отыны бағасының өсуі мен тапшылығының нақты мəн-жайларын, себептерін зерделеуде екенін, «жасырын» сұлбаларды, бəсекелестікке қарсы іс-қимылдар мен келісімдерді, сондай-ақ шекті бағалардың арту фактілерін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырғанын хабарлаймыз. Бағаның өсуіне мұнай берушілердің тарапынан айла-шарғы салдарынан оның жасанды көтерілуі ықпал еткені анықталды», - деді Бас прокурор жауабында.

Мəселен, оның дерегінше, ұсақ мұнай берушілер жағдайды пайдаланып, көтерме бағаны өсіріп, маржаны жасанды түрде арттырған.

«Олардың қызметі монополияға қарсы заңнамамен реттелмейді. Өйткені тауар нарығындағы үлесі төмен жəне көтерме бағалар шекті бағамен шектелмейді. Атап айтқанда, қолданыстағы шекті бөлшек сауда бағасы 230-260 теңге болған кезде, кейбір берушілер отынды көтерме бағамен 260 теңгеден астам бағаға, жеке жағдайларда 360-413 теңгеге сатқан. Жекелеген өңірлерде дизель отынының көтерме бағасы 1 литр үшін 450-500 теңгеге жетті. Бұл шағын бөлшек жанар-жағарармай құю станцияларының (ЖҚС) сатылымның тиімсіздігіне байланысты отын сатуын тоқтата тұруға жəне нақты, отын тапшылығына алып келді. Энегретика министрлігінің деректеріне сəйкес, тапшылық өршіп тұрғанда 633 ЖҚС дизель отынын сатпаған. Бүгінгі күні мұндай ЖҚС-тың саны 267-ге дейін азайды», - деді Берік Асылов.

Фото: Total.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл