Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Гүлмира Бесенбаева Шотландияның Глазго қаласында өткен ECER-2023 (European Educational Research) халықаралық конференциясында «The best poster» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мұғалім-модератор шетелдік әріптестеріне өзінің «Жоғары дәрежелі сұрақтарды жүйелі пайдалану арқылы биология сабақтарында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, оның маңыздылығына тоқталды.
Гүлмира Сембайқызы тақырыпты зерделеу барысында стандартты емес әдістерді қолданған. Яғни сұрақтардың мазмұнына ерекше мән бере отырып 8-10 сынып оқушылары арасында сыни ойлау дағдыларын дамытқан.
«Оқытуда жоғары деңгейлі ойлау стратегияларын қолдану оқушыларды сұрақтар қоюға, әртүрлі көзқарастарды қарастыруға және түрлі ақпарат бөліктері арасында байланыс орнатуға итермелейді. Нәтижесінде студенттер жазбаша материалдардың мәнмәтінін, мақсаты мен маңыздылығын тереңірек түсініп, функционалдық сауаттылықтарын арттырады»,- дейді ұстаз.
Алғаш рет еуропалық конференцияға қатысқан педагог-модератор, халықаралық деңгейдегі конференция ұстаздар қауымына зерттеу стратегиясын құруға және дамытуға көмектесетін бірден-бір орта екенін атап өтті.
Айта кетейік, биыл халықаралық конференцияға әлемнің 80 елінен 3500-ге жуық зерттеуші мұғалім қатысты.