Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Экономика: 90-шы жылдардағыдай күн кешуіміз мүмкін
Жаңалықтар

Экономика: 90-шы жылдардағыдай күн кешуіміз мүмкін

12.06.2020
1 мин
6
2106

Ел экономикасына жөнді көңіл бөлінбесе 90 жылдардағыдай күн кешеміз. Ең қауіпті болжам осы. Экономистер шара қолданылмаса халықтың дені жұмыссыз қалады дейді. Бұл күні нәпақасын ірілі-ұсақты кәсіптен тауып жүргендердің саны елімізде 3 миллионның айналасында. Дағдарыс алқымнан алса екі қолға бір күрек іздегендердің үлес салмағы артып кетпек.

Расымен ел экономикасы минусқа кете ме? Алаңдауға негіз бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жыл соңына қарай ел экономикасы құрдымға кетуі мүмкін. Халықпен кездесу барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов осындай мәлімдеме жасаған еді.

Руслан Даленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

"Былтыр жыл соңына қарай экономикалық өсім кем дегенде 4,1 пайыз болады деп жоспарлаған едік, алайда елдегі қатаң карантин режимі салдарын тигізбей қоймайды. Биыл экономика минус 0,9 пайызға дейін түсуі мүмкін деген болжам бар".

Пандемия уақытында бюджет біз ойлағандай өспеді. Қаржы министрі мұны төтенше жағдай кезінде "бизнесті қолдау шараларымен" байланыстырған еді.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

"Салық түсімдерінің төмендеуі сәуірде басталып, осы жылдың мамыр айында жалғасты. "Электрондық шот-фактуралар" АЖ сәйкес, кәсіпкерлік белсенділіктің ең үлкен төмендеуі көтерме және бөлшек саудаға байланысты. Тауарларды сату айналымы 2019 жылдың мамырымен салыстырғанда 54% -ға немесе 1,2 трлн теңгеге төмендеді".

Экономист Мақсат Халық Қазақстанның экономикасы соңғы 22 жылда болмаған теріс көрсеткішке тап болуы мүмкін деген болжам негізсіз емес екенін құптап отыр. Дағдарысқа қарсы 5,9 триллион теңге бөлінгені белгілі. Бұл бағытқа біздің ел Орта Азияда ең қомақты қаражат жұмсауда. Бірақ, ол мақсатты түрде қолданылмаса, ең қауіпті сценарий мынадай болуы мүмкін.

Мақсат Халық, экономист:

"Бұл 90 жылдарға оралу деген сөз ғой. Ал 90 жылдарды көрген азаматтар біледі ол кезде қалай болғанын. Қарапайым тілмен айтатын болсақ экономикалық құлдырау кезінде жұмыссыздық өршиді. Бағалардың өсімі орын алады. Көптеген зауыт, фабрикалар жабылады. Шағын және орта бизнес қызметін тоқтатады. Банкрот болады. Салдары өте үлкен".

Карантин кезінде қараша халықты да бизнесті де қолдауға қомақты қаражат бөлінді. Төтенше жағдай кезеңінде 4 миллионға жуық азаматқа 42 500 теңге берілді. Бұдан бөлек шағын және орта бизнеске жылдық үстемақысы 8 пайызбен 600 милллиад теңге бөлінгені тағы бар. Жұмыссыздарға екі қолға бір күрек ұстату үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" да іске асып жатыр. Бұл бағытқа 300 миллирд теңге қарастырылған. Жоба аясында 250 мың қазақстандық қызметке орналастырылмақ.

Осы орайда экономист Сапарбай Жұбаев байбалам салудың қажеті жоқ дегенді айтады.

Сапарбай Жұбаев, экономист:

"Мұнайға сұраныс болғаннан кейін 20-25 барреліне тұрған мұнай 40-42 долларға жетіп келді. Бюджетімізді 20 доллардан есептеген болсақ бұл 2 есе көбірек. Сондықтан біздің бюджетімізге де ақша түседі. Мүмкін ертең 50-55 долларға жететін болса баррелі мәре біздікі болады. Сондықтан екінші күйзеліс қайталануы мүмкін емес".

Елімізде еңбекке жарамды 10 миллион азамат бар десек, соның үштен бірі шағын және орта бизнесте жүріп, табыс тауып жатқанын да ескеруіміз керек. Нақтырақ айтсақ, 3 миллион 200 мың адамдай. Дағдарыс кезінде жұмыссыздардың саны артпауы үшін қаржы мамандары Ұлыбританиядағыдай жалақының бір бөлігін мемлекет көтерсе ұтымды болар еді дейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Д
Динара 13.06.2020
90 жыл өте қиын кездер, сол заманның балаларымыз. Аш, ұрлық көп, свет жоқ, тас қараңғы, автобус деген мүлде жоқ, кей күндері қарынымыз аш ұнсыз ішектеріміз жабысып, әке шешеміз бір тілім нанды өздері жемей өтірік күліп бізге берген күндер болды. Қант тек байлардың үйінде болатын. Қалада тұрдық. Этажный үйлер пеш салып 2-3 этаждан мұржа шығарып от жағып, жер үйлерде көмір жоқ қыс бойы қарда отынға барып ағаш жинайтынбыз талды кесіп. Өте қиын заман болды әлі есімде. Бірақ сол заманның ұрпақтары ретінде бізге еш жеңілдік болмады кейінде. Енді ондай қиындық болады деп ойламаймын. Ондай болса бұл заманның балалары көтере алмайды ол аштықты. Сол кезде қиналмай отырғандар малдары бар ауылдағылар еді. Ал біз сияқты қала адамдары тақыр қалды. Мал жоқ, сүт ,ет жоқ. Жұмыс тоқтады
Жауап беру
13.06.2020
Мен былтырдан бері жумыспен камту орталығында тиркелип турмын маган ешкандай акша төлеп жаткан жок
Жауап беру
А
Аякөз 12.06.2020
Ұйықтап отырған шенеуніктердің жалақысын қысқартып, шетелде офшорда жатқан елдің ақшасын қайтарса ешқандайда дағдарыс болмайды. Бұның бәрі политика, қолдан жасалып жатқан тірлік. Халықты жоқшылықпен қорқытып өз диктатурасына бағындыру.
Жауап беру
Ш
Шолпан 12.06.2020
Елди алдау акша жеу жол картасы отирик акша кайда кетип жатыр бир алла билсин
Жауап беру
Ш
Шолпан 12.06.2020
Тусинбеймин жумыспен камтуга акша болнед сол жумыс жоккой барса вакансия жок елди алдау
Жауап беру
С
Сако 12.06.2020
Туалет салганда сондай каншама бостан боска шашып
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл