Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында «Бірінші кредиттік бюро» басшылығы қазақстандықтардың жеке деректерін алу үшін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» басшыларына жүйелі түрде пара беріп келгені анықталды.
28 маусым күні экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында кезекті пара беру фактісі кезінде — көлемі 75 мың доллар (шамамен 35 миллион теңге) — «Бірінші кредиттік бюро» бас директоры Руслан Омаровты, қазіргі орталық басшысы Ақмәди Сарбасовты және бұрынғы басшы Дәулет Арғандықовты ұстады.
Күдіктілердің үйлеріне жүргізілген тінту кезінде 370 мың АҚШ доллары (шамамен 191 миллион теңге) және 4,5 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тәркіленді. 30 маусымда сот үкімімен үш күдікті екі айға қамауға алынды. Қазір тергеу жалғасуда.