Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елде жылыту маусымы басталғалы 900-ден астам өрт оқиғасы тіркелген. Бұл жағдайлардан 28 адам жарақат алып, 41 тұрғын қайтыс болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мамандардың айтуынша, жеке үйлерде өртпен күресу қиынға соғуда, себебі көптеген тұрғындар жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осыған назар аударды. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқарушылар бас қалада рейд жүргізіп, тұрғындармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды.
- Жыл басынан бері елордада 635 өрт оқиғасы тіркелсе, оның 255-і жеке тұрғын үй секторында орын алған. Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын арнайы жоспар құрып, 15 тамыз бен 15 сәуір аралығында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады. Алғашқы кезеңде шаралар әлеуметтік осал топтарға бағытталса, кейін жатақханаларда жүргізіледі, – деді Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев.