467.58
543.66
6.44
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Жаңалықтар

Елімізде 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

18.05.2026
мин
0
164
Сурет: Araiinfo.kz

2026 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 140,8 мың азамат түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен еңбек нарығын қолдау шаралары арқылы жұмысқа орналастырылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жұмыспен қамту саласындағы белсенді шаралар аясында 101,3 мың адам қамтылған. Мемлекет азаматтарды еңбекпен қамту деңгейін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру бағытында кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырып отыр.

Бұл жұмыстар өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және халықты қолдау бағдарламалары шеңберінде жүргізілуде.

Субсидияланатын жұмыс орындары негізгі бағыттардың бірі болып қалып отыр. Бүгінде 50,6 мың азамат осындай жұмыс орындарына жолданған. Оның ішінде 37,6 мың адам қоғамдық жұмыстарға, 5,4 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2,7 мың жас маман жастар практикасына, ал 4,9 мың адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылған.

Сонымен қатар 31,7 мың жұмыссыз азамат онлайн оқудан өтіп, олардың 25,1 мыңы сертификат алған. Бұл еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп отыр.

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында 16,9 мың адам оқуға қатысып, 7,3 мыңы курсты аяқтаған.

Бұдан бөлек, 2 119 адам кәсіптік оқытуға жіберілсе, мансап орталықтары арқылы 142,8 мың азаматқа консультациялық және кәсіптік бағдар беру қызметі көрсетілген.

Жұмыспен қамту бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылып, оның нәтижесі міндетті зейнетақы жарналары арқылы расталып отыр.

Жалпы алғанда, 140,8 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 48,3 мыңы Электрондық еңбек биржасы арқылы, 40 мыңы «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында, 1,9 мыңы мемлекеттік жобалар арқылы еңбекпен қамтылған.

2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға кәсіп бастау үшін 400 АЕК-ке дейінгі көлемде 9 мың мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік жұмыспен қамту шаралары ел өңірлерінде жалғасып, халықтың тұрақты табысын арттыруға және еңбек нарығын дамытуға бағытталуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл