Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде аяқ киім саудасымен айналысатын кәсіпкерлер таңбалауға қарсы петицияға қол жинап жатыр
Жаңалықтар

Елімізде аяқ киім саудасымен айналысатын кәсіпкерлер таңбалауға қарсы петицияға қол жинап жатыр

09.01.2023
1 мин
0
830

Елімізде аяқ киім саудасымен айналысатын кәсіпкерлер таңбалауға қарсы петицияға қол жинап жатыр. Онлайн форматтағы құжатқа 5 мыңнан астам адам қол қойған, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Айтуларынша, биыл сәуірде қолданысқа енетін ережеге сәйкес бір де бір тауар таңбалаусыз сатылмауы қажет. Олай болмаған жағдайда әр кәсіпкерге қомақты айыппұл салынады.

Ал осы тауарларды таңбалап, қадағалауға жауапты министрлік өкілдері болса, аталған өзгеріс аяқ киім саудасындағы көлеңкелі бизнесті жоюға бағытталған дейді.

Астананың жайма базарында аяқ киім сатумен айналысатын Дәурен Дауылбаев сәуірде күшіне енетін ережеге қарсы. Ол Ресей мен Қытайдан келетін әр тауарды таңбалап, жүйеге енгізу барып тұрған машақаты көп тірлік дейді. Қосымша арнайы құрылғы мен ноутбукты да сатып алу жоспарында болмаған.

Қалың қараша қысқы аяқ киімдерін "сайлап" қойғандықтан, қазір сауданың да дені саябырсып қалған. Әрі он аяқ киімді таңбалауға 700 теңге кетеді дегенді естіген кәсіпкерлер, "сонда өзімізге қалатын таза пайда қанша болмақ" деп ашынады.

“700 теңге кеткен кезде, мен мына жақта 700-1000 аяқ киім сатсам бір бөлек. Мысалы мен мына шлепканы оптом алатын болсам, 3500 теңгеге аламын да, 4500-4000 теңгеге сатамын. Егер 700 теңгесін маркировкаға беретін болсам келген адамның қалтасы көтермейді ғой. Ол түсір дейді, ал түсіретін болсам, арғы жағында қалатын 200 теңге менің темекі, наныма да жетпейді ғой”, – дейді аяқ киім сатушы Даурен Дауылбаев. 

Ал жалпы елімізге келетін тауарларды таңбалауға жауапты Индустрия министрлігі ортақ оператор ретінде Қазақтелекомды бекіткен. Олар таңбалау тез, тек markirovka.kz ақпараттық жүйесінде тіркелсе болғаны деп сендіруде.

“Әр аяқ киім 2023 жыл сәуірден бастап, таңбалау болуы керек. Оны шет елде таңбалауға болады немесе мына таможнядан өткен кезде, өзінің қоймасында сатуға алдын қойған кезде таңбалауға болады”, – дейді "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС жоба басқарушысы Ерлан Қарабаев. 

Дегенмен осы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап жүрген заңгердің пікірінше, әр аяқ киімді таңбалауға біршама уақыт кетеді. Тіптен, барлық сатушылардың таңба енгізіп, аяқ киімдерді тізетін сауаттылық деңгейі әркімде әр түрлі. Кәсіпкерлер әзірге тек петицияға қол жинаумен шектелуде.

“Мысалы ауылдық жерлерде, әжелер аяқ киім сатады, тапочкалар. Сол 10-20 парасы үшін 900 мың теңгеге ноутбук алуы керек. Сканер алуы керек, сосын ана қағаз марка шығаратын”, – заңгер Айнұр Қайдарова. 

Ал, жауаптылар 1 сәуірден бастап аяқ киімдерін таңбаламағандарға қанша айыппұл салынатынын кесіп айта алмады. Қазір Индустрия мен сауда министрлігі өзара келісіп тағайындалатын жазаның құнын есептеп шығаруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл