Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде төтенше жағдайлар үшін әмбебап бөлімшелер құрылады
Үкімет

Елімізде төтенше жағдайлар үшін әмбебап бөлімшелер құрылады

12.11.2024
1 мин
0
109
Сурет: mail.kz

Қазақстанда төтенше жағдайлар үшін әмбебап бөлімшелер құрылады. Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде. Бұл туралы министр Шыңғыс Әрінов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәселен, ТЖ-ға жедел дайындықты арттыру аясында Ақмола облысында өрт сөндірушілерден, дәрігерлер мен құтқарушылардан тұратын әмбебап бөлімшелер құру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл зардап шеккендерді құтқару ісін жедел әрі кешенді түрде жүзеге асыруға және оларға алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру деполарының құрылысына жаңа стандарттар енгізілуде. Мысалы, биылғы тамыз айынан бастап Астанада 3,5 айда тез салынатын құрылымдардан тұрғызылған өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Мұндай құрылыс қағидаты барлық өңірде енгізілетін болады. Жалпы, еліміз бойынша 121 өрт сөндіру депосы қажет.

- Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде алғаш рет биік ғимараттарды сөндіруге арналған 2 өртке қарсы дрон сатып алынады. Биыл республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ лизингке 728 бірлік арнайы техника, 18 мыңнан астам құрал-жабдық сатып аламыз. Аудандық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін техниканы бірінші кезекте бөлеміз, — деді министр. ???? 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл