Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бірнеше аймағында айыппұл тұрақтары жетіспейді. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Арнайы айып тұрақтарын ашу мәселесін шешу қажет. Еліміздің көптеген аймақтарында айып тұрақтары жеткіліксіз. Мысалы, елордада 2-ақ коммуналдық тұрақ бар. Оның екеуі де толып кеткен, сыйымдылығы – небәрі 1,5 мың көлік», - деді министр.
Марат Ахметжановтың сөзінше, Ақтөбе мен Атырауда 1 ғана тұрақтан бар. Ал Қарағандыда мүлдем жоқ.
«Нәтижесінде, тәркіленген автокөліктер заң талаптарына қайшы полиция бөлімдерінде сақталады», - деді ол.
Еске салайық, Марат Ахметжанов жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің көбеюіне автомектептердегі білім беру жүйесінің төмендігі әсер ететінін тілге тиек еткен болатын.