Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31.05.2022
1 мин
0
1796

Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан обыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

1 маусымда Алматы облысының шығысында, солтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің күші – 17-22, екпіні – 27 м/с. Талдықорған қаласында 1 маусымда күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

1 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығын және оңтүстігін шаңды дауыл басады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде күші – 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 1 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. 

1 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20, күндіз – 23 м/с. 

1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күші – 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м–/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында 1 маусымда түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші – 5-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-жетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл