Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің үздік мұғалімдері 2 778 000 теңге сыйақы алды. "Үздік педагог" төсбелгісімен 64 мұғалім марапатталды.
Елордада Мұғалімдер күніне орай білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиын барысында республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталмыш байқау 8 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
"Жауапкершілігі мол мамандықтардың бірі – ұстаз. Бәріне білім беріп, тәрбиелейтін де осы жандар. Бүгінде мемлекет басшысы білім саласына ерекше ден қойып, елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру үшін көптеген шаралар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 процентке өсті. Жалпы бір-екі жылдың ішінде мұғалімдердің айлығын екі есе өсіру туралы тапсырма бар. Біз де сол тапсырмаларды орындаудамыз", - деді Аймағамбетов.
Жобаға 143 мұғалім өтініш тапсырған. Оның ішінде ең үздік 64 мұғалім арнайы комиссия шешімі бойынша анықталды.