Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада көпқабатты 37 үйдің заңсыз салынып жатқаны анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биыл осындай себеппен 51 құрылыс компаниясы 64 құрылыс объектісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
12 құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі жолдардың бірімен жүзеге асатынын хабарлайды:
1) Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдемесін алу;
2) екінші деңгейлі банк жобасына қатысу;
3) ғимарат қаңқасы тұрғызылғаннан кейін салымшылардың ақшасын тарту.
Азаматтардың ақшасын басқа жолмен тартуға тыйым салынған (алдын ала брондау келісімшарты, резервтеу келісімшарты, инвестиция).
Жаңадан салынған, салынып жатқан үйлерден пәтер сатып алатын кезде құрылыс команиясының сенімді екеніне көз жеткізіп, тексеріңіз.
Олардың сенімді-сенімсіз екенін салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімінен («Кепілдік объектілері» қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы берген кепіл сертификаттары арқылы біле аласыз.