Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада сұранысқа ие мамандықтар аталды
Жаңалықтар

Елордада сұранысқа ие мамандықтар аталды

22.04.2021
1 мин
1
1720

Нұр-Сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығында биыл 6 000 азамат жұмысқа орналасу бойынша өтінім жіберді. Оның ішінде 3 800-ден астам маман қызметке орналасса, 1 700-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Еліміздің бас қаласында құрылыс нысандары көп болғандықтан еңбек нарығында құрылыс саласының мамандарына сұраныс басым. Оның ішінде прораб, шебер, тас қалаушы, арматурашы, инженер-сметашы, бетоншы, кран-машинисті, ТҚҰ инженері, жұмысшыларға бос орын бар.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы 2021 жылы да жалғасын табады. Нәтижесінде, қала бойынша 21 жаңа жобаны іске асыру көзделген. 1 000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылып, қызметкерлердің 50%-і жұмыспен қамту орталығынан алынбақ.

Елордада қоғамдық тамақтану және денсаулық сақтау саласының мамандарының жетіспеушілігі байқалады.

www.enbek.kz сайтына 45 000-нан астам мекеме тіркелген. Бүгінде 1 039 нысан маман іздеуде. Бос орындар саны 7 064-ті құрайды.

Айта кету керек, Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарға кәсіптік оқыту бойынша білім беруде. Жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 61 грант ұсынылды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 700 маманға жолдама берілді.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
К
Курбанкул 22.04.2021
Құрылыс саласына жұмысқа тұрғанмен ақысы өте аз, еңбек шартын жасағысы келмейді көп компаниялар. Жұмыс жасатып ақысын бермей немесе екі үш айда бір береді. Астанада шынын айтқанда құрылыста әділдік жоқ.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл