Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордалық 200-ден астам ұстаз шетелде тағылымдамадан өтті
Жаңалықтар

Елордалық 200-ден астам ұстаз шетелде тағылымдамадан өтті

24.08.2023
1 мин
0
646

Астана қаласының Білім басқармасы елордалық ұстаздардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді, деп хабарлайды Dauletten.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Педагогтердің шығармашылық әлеуетін, олардың кәсіби деңгейі мен құзыреттерін дамыту үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлау ғана емес, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған педагогтардың кәсіби өсуі де маңызды.

Тек қаңтар мен тамыз аралығында 3 754 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Мың көшбасшы» республикалық кадр резервіне елорданың 20 мектеп директорының орынбасары еніп отыр. Сонымен қатар өткен оқу жылында 30 мектеп директорының орынбасары қатарынан кадрлық резерв қалыптастырылып, олар қазан, қараша айларында MBI бағдарламасы бойынша оқытылатын болады.

Жыл бойы елорданың 200-ден астам мектеп басшысы мен педагогтері Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия мемлекеттерінің оқу орындарында халықаралық тәжірибе алмасып, тиімді әрі қолайлы компоненттерді мектептердің оқу-тәрбие процесімен сабақтастыру мақсатында тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында жалғасатын болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
195
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл