Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді
Жаңалықтар

Енді "коучтар" сертификаттаудан өту керек болады

19.02.2025
1 мин
0
250
Сурет: depositphotos

Мәжіліс депутаты Динара Наумова коучтар мен бизнес-тренерлердің қызметінің тиімділігіне күмән келтіріп, бұл салада стандарттар мен сертификаттаудың жоқтығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл алаяқтыққа жол ашып, азаматтардың сенімін төмендетеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында ол коучтар мен бизнес-тренерлердің қызметін қатаң реттеуді талап етті. Наумованың сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда жеке және кәсіби дамуға бағытталған қызметтер нарығы қарқынды дамып келеді.

Депутаттың пікірінше, бұл сала барған сайын сұранысқа ие болуда, өйткені адамдар дағдыларын жетілдіріп, мансаптық табысқа жетуге және ішкі әлеуетін ашуға ұмтылады.

- Тренингтер, мастер-кластар мен семинарлар қазіргі өмірдің маңызды бөлігіне айналды, олар көптеген адамдарға өз мақсаттарына жетуге көмектеседі. Алайда бұл қызметтердің барлығы күтілген нәтижені бере ме?, – деп сұрақ қойды Динара Наумова.

Оның айтуынша, мұндай қызметтерге сұраныстың артуы біліктілігі жоқ көптеген “коучтар”, “бизнес-тренерлер” және басқа да мамандардың пайда болуына алып келді.

- Жаңа пікір көшбасшылары тез пайда болуда, олардың кейбірі қажетті білім мен тәжірибеге ие болмаса да, курстар мен тренингтерді сатып, бірден нәтиже болатынын уәде етеді. Олар өзін сарапшы ретінде көрсеткісі келеді, алайда олардың қызметі көбіне нақты сараптамалық негізден жұрдай. Мұндай әрекеттер азаматтарды шатастырып, қызметтердің сапасына қатысты негізді күмән туғызып, бұл салаға деген сенімді төмендетеді, – деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, мәселенің ауқымын азаматтардың шағымдарының саны айғақтайды. Мәселен, 2024 жылы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне сапасыз білім беру қызметтеріне қатысты 600-ден астам шағым түскен.

- Бұл салаға деген сенімсіздіктің жоғары екенін ғана емес, оны реттеудің қажеттілігін де көрсетеді. Әрине, бұл салада өз клиенттеріне нақты нәтижелерге жетуге көмектесетін білікті мамандар да бар, – деді ол.

Алайда соңғы уақытта өзін “коуч-иллюзионист” деп атайтындардың жосықсыз әрекеттері саланың беделіне кері әсерін тигізуде.

- Бізге жалған уәделерге алданып қалған азаматтар жиі жүгінеді. Кейбір адамдар өз проблемаларының шешімін табуға тырысып, “жылдам байлық”, “жаңа өмір”, “бір айда армандаған мансапқа жету” сияқты уәделерге сеніп, қомақты қаражат жұмсайды, тіпті бұл қызметтерге төлеу үшін несие алады. Нәтижесінде күткен нәтижеге қол жеткізе алмағандарын түсінеді, ал ақшаны қайтару мүмкін болмайды, өйткені олардың құқықтарын қорғау механизмдері іс жүзінде жоқ, – деп түсіндірді Наумова.

Оның пікірінше, бұл мәселені осы саланың реттелмеуі одан әрі ушықтырып отыр.

- Белгілі бір стандарттар мен біліктілік талаптарының болмауы кез келген адамның өзін коуч немесе тренер деп атауына мүмкіндік береді, бұл алаяқтыққа жол ашады. Нәтижесінде тұтынушылар да, өз саласында адал жұмыс істейтін мамандар да зардап шегеді, – деді депутат.

Наумова кейбір елдерде мұндай мамандарды сертификаттау және аккредитациялау қатаң реттелетінін атап өтті.

- Мұндай шаралар тұтынушылардың құқықтарын қорғап қана қоймай, көрсетілетін қызметтердің сапасын айтарлықтай жақсартады. Сертификаттың болуы маманның біліктілігі мен кәсіби құзыретін растайды, бұл азаматтардың сенімін арттырып, сапасыз қызмет алу қаупін азайтады, – деді ол.

Депутат коучтар, бизнес-тренерлер және білім беру мен консультациялық қызметтер көрсететін басқа да мамандар үшін міндетті сертификаттау және аккредитация жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл саладағы кәсіби стандарттарды айқындап, ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ол барлық азаматтарға қолжетімді сертификатталған мамандардың бірыңғай тізілімін жасауды қажет деп санайды. Бұл адамдарға белгілі бір маманның біліктілігін тексеруге мүмкіндік береді.

- Бұл шаралар азаматтарымызды алаяқтықтан қорғап қана қоймай, қызмет сапасы жоғары кәсіби қоғамдастықтың қалыптасуына жағдай жасайды, – деп қорытындылады Динара Наумова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл