Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Есірткі айналымына қатысы бар екі трансұлттық топ жойылды
Жаңалықтар

Есірткі айналымына қатысы бар екі трансұлттық топ жойылды

18.07.2025
мин
0
85

Ішкі істер органдары "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Биыл алты айда 4000-ға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелді, оның 1800-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде екеуі трансұлттық сипатта. 11 көшбасшы және 43 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан алты тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Мұның ішінде тәркіленген синтетиканың көлемі екі есеге өсіп, 570 кг құрады. 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Есірткі заттарын егудің 218 фактісі және 63 контранбанда фактісі анықталды. Жастар арасында танымал есірткі сайттарын бұғаттау үш есеге артты. Олардың саны 17 мыңнан асады. Сонымен қатар күмәнді операцияларға қатысы бар 24 мың шот бұғатталды, оларда 2,4 млрд теңге жинақталған. Есірткі профилактикасы ерекше назарда. 11 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған бір миллион жастар мен жасөспірімдер қатысты. Есірткі қылмысына қарсы күрес қоғамдық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақты қорғау мақсатында күшейтілген тәртіпте жалғасатын болады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл