Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ФИФА коронавирус індетінен дағдарысқа тап болған ұлттық федерацияларға қаржылай көмек беру шуралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports.kz.
Аталмыш тізімде Қазақстан да бар. Ұйым жалпы сомасы 1,5 миллиард доллар көлемінде төлемді мақұлдаған. Тағы 210 федерациясы сияқты, Қазақстан да 1 миллион доллар көлемінде ақшалай өтемақы және әйелдер футболы үшін тағы 500 мың доллар алады.
Бұл сомадан бөлек, федерациялар пайызсыз несие түрінде бес миллион доллар ала алады.
Ақша елдерге 2021 жылғы қаңтар айына дейін аударылады.