Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ғарыштық мониторинг: Каспий теңізі тартылып барады
Жаңалықтар

Ғарыштық мониторинг: Каспий теңізі тартылып барады

13.07.2023
1 мин
0
929
фото: Қазақстан ғарыш сапары

«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тарихи кезең ішіндегі (15 жыл) әртүрлі уақыттағы ғарыштық түсірілім деректері бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізілді. Ғарыштық түсірілімдердің мұрағат деректеріне сәйкес, Қазақстан акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі көрінді, Каспий теңізі тартылып барады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша соңғы 15 жылда Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясы айтарлықтай қысқарды (7,1%-ға).

Төменде Қазақстан Республикасының шекарасында 2008-2023 жылдар аралығындағы су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасы көрсетілген. Қазақстан бөлігіндегі Атырау қаласына жақын жерде (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің кең тартылған аудандары байқалады.

Каспий теңізінің Қазақстандық секторының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 құрады. 15 жыл ішінде әртүрлі уақытта түсірілген ғарыштық суреттердің анализі су беті ауданының азайғанын анықтады, бірақ теңіз деңгейі төмендегені де мүмкін, бұл жан-жақты кешенді зерттеуді қажет етеді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЖҚЗ мәліметтері бойынша ең осал орын Атырау қаласына жақын жердегі Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі болып табылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл