Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ғылыми коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды
Жаңалықтар

Ғылыми коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды

06.06.2022
1 мин
0
1383

Қазақстанда ғылыми коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды. Бұл туралв ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы 3 жылда елімізде белгілі бір коммерциялық әлеуеті бар перспективалық жобалардың пулы қалыптасты.

Отандық ғылыми әзірлемелерге негізделген үздік инновациялық тауарлар мен қызметтер мемлекеттік қолдауға ие болып, қаржыландырылады және экспортқа шығарылады.

Ғалымдар өз жобаларын жүзеге асыру үшін 300 млн теңгеге дейін қаржы ала алады. 

Жобалар экономиканың денсаулық сақтау, сапалы білім беру, цифрландыру, геологиялық барлау, энергетикалық кешенді жаңғырту, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, экология, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, металл өңдеу, туризм және т.б. сияқты салаларды қамтуы мүмкін.

Бұл байқауда ашықтық пен транспаренттілікке бағытталған жаңашылдықтар пайда болды. Коммерцияландыру жөніндегі арнайы құрылған ұлттық кеңестің өкілдері қаржы бөлу үшін жобаларды іріктейді. Оның құрамына жетекші ғалымдар, венчурлық бизнестің, салалардың өкілдері, инновация саласындағы сарапшылар кіреді. Кеңес Үкімет қаулысымен бекітіледі.

Байқау талаптарына сәйкес жоба 3 жыл ішінде аяқталып, сатылымға шығуы керек, ал қоса қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ын құрауы тиіс. Командалар құрамында 5 адамға дейін қатыса алады.

Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 6 маусымда басталып, 5 шілдеде аяқталады. Өтініштерді «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, яғни www.is.ncste.kz.дет сілтемесі арқылы жіберуге болады.

Қажетті құжаттар тізімі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің, «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ және «Ғылым қоры» АҚ веб-сайттарында орналастырылған.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2527 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл