Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
IELTS және TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды
Жаңалықтар

IELTS және TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды

14.06.2023
3 мин
0
1293

IELTS және TOEFL халықаралық стандартталған сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттары бар талапкерлер өз нәтижелерін «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыра алады.

«Бұған дейін талапкерлерге IELTS балдары 6.0-ден жоғары болса ғана, «Ағылшын тілінен» 45 балл берілетін. Алайда, көптеген талапкерде, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендігін растайтын белгіленген балдан төмен IELTS сертификаттары бар болды. Сондықтан түлектер мен сарапшы мамандардың пікірін ескере отырып, биыл ҰБТ-да нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарын – 41, ал 5.0 балын 37 балға ауыстыру туралы шешім қабылданды. TOEFL сертификаттарының нәтижелерін ауыстыру бойынша да дәл осындай өзгерістер енгізілді . Бұл жаңалық «Ағылшын тілін» өзінің бейіндік пәні ретінде таңдаған тест тапсырушылардың жалпы нәтижелеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министр Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын ауыстыру жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырады.

фото: pricom.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
279
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл