Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Каспий теңізінің еліміздегі жағалауына қолайлы туристік аймақ орнатуға 360 млн АҚШ долларынан астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов II Каспий экономикалық форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазақстан үкіметі Каспий жағалауында қолайлы туристік климат орнату бойынша шаралар қабылдап жатыр. 2025 жылға қарай құны 360 миллион доллардан асатын 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Каспий теңізі бассейні елдері арасында тиісті келісім дайындау – өңірлік туризмді дамытудың шешуші қадамы болғанын атап өтті.
«Осы келісімге тезірек қол қою жұмысын жеделдетуді ұсынамыз», – деді ол.
Сондай-ақ, Премьер-Министрдің сөзінше, аймақ елдерінің өзара әрекеттесуінде экология мәселесі де аса маңызды рөл атқарады.
«Біздің елдеріміз үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтау – ең маңызды міндет. Теңіздің экологиялық проблемалары оның биологиялық ресурстарының сарқылуымен, шикізатты өндіру және жүктерді тасымалдау нәтижесінде айтарлықтай ластану қаупімен байланысты. Осы орайда, Каспий экологиялық бағдарламасын қайта бастауды қолдауға шақырамыз», - деді Премьер-Министр.