Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының кредитті кешіру жайлы ұсынысы қолдау тапқан жоқ. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин жауап берді.
"Кредиттік рақымшылық енгізу туралы ұсыныс тізбекті реакцияны және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына әкеледі. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банк салымшылары мен басқа клиенттері алдындағы банктің өз міндеттемелерін орындауына қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады", - делінген үкімет басшысының жауабында.
Мамин банктердің кредит беруі тартылған қаражат есебінен жүзеге асыратынын атап өтті. Банк қорының негізгі көзі – депозиттер, оның банк секторы міндеттемелері құрылымындағы үлесі – 78%.
Үкімет басшысы өткен жылы президенттің тапсырмасымен қиын жағдайға тап болған қарыз алушылардың "кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейін өтеу түрінде бұрын-соңды болмаған әлеуметтік көмек көрсетілгенін" еске салды.
Тағы көру