Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресми дерек бойынша елімізде жиі төленетін жалақы 170 мың теңгені құрады, - деп хабарлады finprom.kz.
ҚР Ұлттық статистика бюросы өткен жылы қазақстандықтардың жалақысын зерттеу қорытындысын ұсынды. Зерттеу нәтижесі бойынша ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтін халықтың 50%-і 142,3 мың теңгеден аз жалақы алатыны анықталды.
Еліміздегі медианалық жалақы орташа жалақыдан (204,3 мың теңге) әлдеқайда төмен. Медианалық жалақы дегеніміз – азаматтардың орташа айлық жалақысы емес, ең төменгі және ең жоғарғы айлықтың дәл ортасындағы табыс мөлшері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 30,4%-ті құраса, қазір медианалық еңбекақы 26,8%-ке артқан.
Бұл елдегі әлеуметтік теңсіздіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл алшақтық неғұрлым үлкен болса, елде жалақы мөлшері және жалақысы төмен азамттардың үлесі соғұрлым жоғары болады.
Өңірлер бойынша жалақының медианалық және орташа мәні арасындағы алшақтық 16%-тен 45%-ке дейін ауытқиды. Мысалы, бас қаладағы медианалық жалақы 289,8 мың теңгені құраса, бұл өңірдегі орташа жалақыдан 31%-ке аз.
Маңғыстау және Атырау облыстарында орташа жалақының үлкен мәні байқалады. Екі өңір орташа жалақы мөлшері бойынша көшбасшылар қатарында.
Сондай-ақ, 2020 жылы ерлердің орташа жалақысы 151,6 мың теңге болса, әйелдердің орташа жалақысы 134,1 мың теңгені құрады.
Қазақстандықтарға ең жиі төленетін жалақы 2020 жылы 170 мың теңгені құраса, 2019 жылы 58 мың теңге болғаны анықталды.
Тағы көру