Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коммуналдық алаяқтарды қалай анықтауға болады?
Қаржылық сауат

Коммуналдық алаяқтарды қалай анықтауға болады?

06.11.2020
1 мин
9
7484

Алаяқтар көбіне қылмысты басқа адамдардың қызметін бүркемеленіп жасайтыны белгілі. Ондай қызметтер арасында коммуналдық кәсіпорындар мен ПИК (КСК) қызметкерлері жиі кездесіп жатады. Сондықтан коммуналдық қызметкерлердің міндетіне не кіретіні және олар қандай қызметтері үшін ақы алмайтынын білу артықтық етпейді.

          Электриктер

Энергия жеткізуші компаниялардың қызметкерлері адамдарға:

  • рұқсат етілмеген қосылуды ажырату үшін;
  • ай сайынғы көрсеткіштерді алу мақсатында;
  • есептегіштерді тексеру үшін (есептегіш түріне байланысты 6-16 жылда бір рет) барады.

Егер электр энергиясын өлшеу аспабы үйіңізде орналасқан болса, бақылаушы келген себебін түсіндіріп, құжаттарын көрсетуі міндетті. Ал егер баспалдақ алаңындағы электр қалқанында орналасса, қызметкер тұтынушыға хабарламастан есептегіштегі көрсеткіштерді алуына болады.

Айта кететін мәселе, электрик ешқандай төлемдерді алмайды. Электр энергиясын есептеу – энергия үнемдеу ұйымдарының құзыретіне жататын шаруа. Олар тұтынушылардың төлемдерін өз кассаларында немесе банктерде қабылдайды.

Үйіңізге нағыз электриктердің келгенін аудандық электр желісіне қоңырау шалып білуге болады. Байланыс нөмірлерін компания сайтынан таба аласыз.

          Сумен жабдықтау кәсіпорынының қызметкерлері

Бақылаушы мен инспекторлар тұтынушыларға:

  • жеке тұлғаларға тоқсан сайын, заңды тұлғаларға ай сайын есептеуіш көрсеткіштерін алу үшін;
  • сумен жабдықтау және су тарту жүйесіндегі нормалар мен ережелердің сақталуын тексеру үшін;
  • тұтынушылардың өтінімі бойынша барады.

Қызметтер үшін төлем кәсіпорын кассаларында және банктерде жүргізіледі. Тек кәріз бен суық су борышкерлерінің үйіне слесарьмен бірге жылжымалы касса келеді. Төлем алынған соң тұтынушыға фиксальды чек беріледі.

Коммуналдық кәсіпорындар есептегіштерді тексеру немесе ауыстыру туралы тұтынушыларға түбіртектегі мерзім аяқталмастан екі ай бұрын хабарлайды. Есептеу құралдарының тексеру кезеңі 4-6 жыл аралығын құрайды. Оларды тек лицензияланған ұйымдар орната алады (тізімді сумен жабдықтау компаниясының веб-сайтынан қараңыз) және ауыстыру тұтынушының есебінен жүзеге асады. Төлем есептегішті орнатқан маманға беріледі. Ал клиентке ескі есептегіштерді бөлшектеу және жаңа есептегіштерді монтаждау актілерінің көшірмелері берілуі керек. 

          Газшылар

Үй ішіндегі газ жабдықтарын тексерумен газ жеткізуші емес, ПИК, басқарушы компаниялар немесе жеке үйлердің меншік иелері шарт жасасқан жеке ұйымдар (ЖШС немесе ЖК) айналысады. Егер түбіртекте көрсетілген қызмет үшін белгіленген құн төленген болса, жылына бір рет тексеру тегін түрде жүргізіледі.  

Желдеткіш каналдарды да жылына бір рет тексерумен жеке компаниялар айналысады. Қызмет құны 1 000 теңгеге дейін болады және фиксалды чек беріледі.

Тексерушілер тұтынушыға келгенде тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетуі керек, себебі ол құжатсыз жұмысты бастауға құқығы жоқ. Актіде тексерушінің аты-жөні, тексеру мерзімі, ұзақтығы, мәні және түрі көрсетілуі тиіс.

Есіңізде болсын, ЖШС немесе ЖК сізді тексеріс жүргізуге мәжбүрлей алмайды. Аталған қызметке рұқсаты бар басқа компанияның қызметтерін де пайдалана аласыз.

          ПИК қызметкерлері

ПИК-те жұмыс істейтін сантехниктер мен электриктердің міндетіне жалпы үй мүлкіне қызмет көрсету кіреді. Мысалы, үйдің жертөлесі мен шатырындағы құбырларды жөндеу, ауыстыру. Егер пәтерде бұзылу болса, ПИК қызметкерлері тұрғындар өтінімі бойынша ғана келеді. Қызмет құны алдын ала келісіледі.

Сақтық үшін:

  • есікті ашпас бұрын қызметкердің жұмыс куәлігін көрсетуін сұрап, оның жеке басын тексеру үшін ұйымға қоңырау шалуыңызға болады;
  • үйге бірнеше қызметкерді кіргізбегеніңіз дұрыс;
  • қызметкердің жұмысын мұқият қадағалаңыз;
  • бұзылулар орын алған жағдайда акт жасауды талап етуіңізге болады;
  • ақшаны алдын ала бермеңіз, фиксалды чек сұрауға да құқылысыз.

Өйткені коммуналдық қызметкерлер:

  • белгіленген үлгідегі қызметтік куәлікті немесе бейджді көрсетуге;
  • жабдықты меншік иесінің қатысуымен тексеруге;
  • бұзылулар анықталған жағдайда ендігі іс-қимылдары көрсетілген акт жасауға міндетті.

 

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
9 Пікір
К
Кунсауле 22.11.2020
Жалгыз басты аналарга неге укиметтен уй берилмейди, уй болса да атында расширение неге алып тастады?
Жауап беру
Т
Толқын 08.11.2020
Каскелен қаласындамыз, светке айымай төлеп отырамыз, бирак қарыз деп келе береди
Жауап беру
Т
Толқын 08.11.2020
Биз Каскелен қаласында
Жауап беру
Л
Лаура 06.11.2020
Кск "жануя сервис астана" биздин уйди жондеймиз деп али жондеген жок. Тех этажда потоп болган бирнеше рет содан болменин тобеси саргайып тусип кеткен. Не истеуге болады бул жагдайда?
Жауап беру
Р
Раушан 06.11.2020
Бізде судың төлем соммасын төлеймін деп артық услугасына 50теңге сұрайды
Жауап беру
Э
Эльмира 06.11.2020
КСК қызметкерлеріне ай сайын ақша төлейміз. Құбыр толған немесе бұзылып су аққан жағдайда оны керекті заттарды өзіміз аламызба?
Жауап беру
Г
Гаухар Тлеубергенова 06.11.2020
Шардара каласынан,карантинде болынген акша еды,алы аламай келсын 4..5 ай болды
Жауап беру
Г
Гаухар 06.11.2020
Көпбалалы анамын,менын светке деген акшаны 24000 тг,бреуге аударып жыберды,акымшылыктын балдары,сол енды дурыс,па мен калтамнан толедым
Жауап беру
Ж
Жанна 06.11.2020
Мусорға ең жоғарғы төлем қанша?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл