Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеу басталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Медицина қызметкерлеріне өтемақы Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес беріледі. Өтініштерді өңірлік денсаулық сақтау басқармалары комиссияның тиісті шешімдері негізінде жібереді», — деді министр.
Қазіргі таңда 6 аймақтан 123 өтініш келіп түскен.
«Ережеге сәйкес 3 жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 миллион теңге төлеуі керек. Қаражат өтінімде жазылған шотқа жіберіледі. Аталмыш өтінімдер арасында жұмыс бабымен қайтыс болған дәрігерлер жоқ», — деді Нұрымбетов.
Жұмыс барысында коронавирус жұқтырған дәрігерлерге – 2 миллион теңгеден, қайтыс болған медициналық қызметкердің отбасына – 10 миллион теңге өтемақы бекітілген.
Тағы көру