Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коронавируспен күреске 114 млрд емес, одан да көп ақша бөлінген
Жаңалықтар

Коронавируспен күреске 114 млрд емес, одан да көп ақша бөлінген

09.07.2020
1 мин
0
1108

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, мемлекет пандемиямен күреске 191,9 млрд теңге бөлген.

Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру отырысында ақшаның қайда жұмсалғанына тоқталып, үкіметтен 114 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді.

Берік Шолпанқұлов басқа соманы айтып, не себепті Алексей Цойдың 114 млрд теңге дегеніне тоқталды.

«Бүгінгі күнге дейін бөлінген сома - 191, млрд теңге. Бюджетті нақтылаған кезде 125 млрд теңге, үкімет резервнінен 66,9 млрд теңге бөлініп отыр. Ақшаның қайда және қалай жұмсалғанын Қаржы министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірге тексереді. Барлық ақша ең соңғы нүктесіне жеткенге дейін қатаң тексереміз және оны тексеру үшін қаржы министрлігінің барлық ресурсы жұмылдырылады», - деді Берік Шолпанқұлов.

Сондай-ақ Қаржы вице-министрі бірнеше күн бұрын Алексей Цойдың айтқан 114 млрд теңге сол ведомствоның ғана бақылауындағы қаражат екенін айтты. Алайда, Шолпанқұлов қалған 80 млрд теңгеге жуық ақша қайда кеткеніне толық тоқталған жоқ.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл