Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коронавируспен күреске бөлінген ақша ұрланды
Жаңалықтар

Коронавируспен күреске бөлінген ақша ұрланды

18.07.2020
1 мин
3
1644

Коронавируспен күреске бөлінген ақша ұрланды, деп хабарлайды Ақорда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі медицина саласында бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша үш қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларының бюджет қаржысын жымқыру, жекелеген тұлғалардың ірі көлемде медициналық бетперделерді сату, сондай-ақ, медицина мекемелерінің жекелеген басшыларының аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруға тырысу деректері бойынша үш қылмыстық істі тексеріп жатыр», — деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, қаржы министрлігінің экономикалық тексеру қызметі коронавируспен күреске бөлінген аса ірі көлемдегі мемлекеттік қаржыны алаяқтық жолмен жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруде.

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты мен президент әкімшілігінің ұсынысы бойынша құқық қорғау органдары коронавирус індетімен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмектің мақсатты және ашық жұмсалуына тексеру жүргізуді бастады.

Дәрі-дәрмектерді жасыру жолын кесу, баға келісімі, гуманитарлық көмек ретінде келген немесе емдеу мекемелерінен ұрланған дәрі-дәрмектерді қайта сату сияқты әрекеттердің алдын алу шаралары жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
У
Улби 19.07.2020
коп урланганнын бири да, уйренип калдык
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл