| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттарының иегерлері анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026–2027 оқу жылына магистратураға арналған білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды. Гранттар кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Конкурсқа ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинаған талапкерлер қатысты.
Биыл магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 23 мыңға жуық талапкер қатысқан.
Грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды. Талапкерлер өз нәтижелерін тиісті ресми ақпарат көздерінен тексере алады.