Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңаөзендік Жадыра Досекеева ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік алауыздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның TikTok-та жариялаған видеосы әлеуметтік және ұлттық алауыздықты тудырды деп бағаланды. Оған үш жыл бойы әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынып, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда басталған еді. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, үш жыл шартты жаза кескен.
- Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот Жадыра Досекееваға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады, - делінген хабарламада.