Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында "Sax Invest" қаржы пирамидасы бөлімшесінің басшысы ұсталды

18.11.2024
1 мин
0
92
Сурет: ru.sputnik.kz

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңірде "Sax Invest" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Sax Invest" компаниясы өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын және басқа да активтерді ұстаушы, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде көрсетті.
Компания тіркеуден өтпеген және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімінде жоқ.

"Sax Invest" қызметі қаржы пирамидасына тән белгілерге ие болды:

    •    жылдық 24-36% дейін жоғары кірістілік уәдесімен бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте агрессивті және жаппай жарнаманың болуы;

•    ұйымның қаржылық жағдайы, меншікті негізгі құралдары, басқа активтері туралы қандай да бір ақпараттың болмауы.

2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде мыңнан астам пирамида салымшылары 1 млрд теңгеден аса қаражат аударған.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған ҚР азаматы күдікті ретінде ұсталып, УҰИ қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Филиалдары республика бойынша жұмыс жасаған “Sax Invest” қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы С.Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланды. Сондай-ақ, елордада "Sax Invest" компаниясы директорының ұсталғаны жайында бұрын хабарланған болатын. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko", "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical", "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.

ҚМА адам ақша салғысы келетін компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін телеграм ботты іске қосты.
Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұсталған барлық жалған жобалардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл