Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маусым айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында жаңа электр пойызы қатынай бастайды
Жаңалықтар

Маусым айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында жаңа электр пойызы қатынай бастайды

29.05.2025
1 мин
0
115
Сурет: kst.news.kz

Маусым айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында жаңа электр пойызы қатынай бастайды.​ Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еске салсақ, биыл 1 наурыздан бастап Балқаш пен Алматы арасында тұрақты пойыз жүре бастады. Ал қаңтар айында Астана мен Бурабай курорты арасында жаңа вагондардан құралған жедел электр пойызы іске қосылған болатын. Бұл бағыттағы жол жүру уақыты – 2,5 сағатты құрайды.

- Осыған ұқсас электр пойызы маусым айында Қарағанды мен Астана арасында қатынай бастайды. Сонымен қатар, қыркүйек айында Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша үшінші электр пойызы жолға шығады, – деді Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, бүгіннен бастап 7 маусымға дейін Қытай туризм жылы аясында Сиань – Алматы бағыты бойынша жолаушылар пойызы жолға шыққан. Бұдан бөлек, Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара бағытында Jibek Joly және Keruen Express атты туристік пойыздар да қатынап жатыр.

- 2024 жылдың қарашасынан бері бұл пойыздар бес рет сапарға шықты. Туристік агенттіктердің сұранысына сәйкес, олардың қозғалысы жалғасын табатын болады, – деді спикер.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл