Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Медсақтандыру жойыла ма?
Жаңалықтар

Медсақтандыру жойыла ма?

14.03.2021
1 мин
6
2102

Кепілдендірілген тегін медкөмектен тек аты ғана қалатын түрі бар. Facebook әлеуметтік желісінде азаматтар Медсақтандыру қорын (ӘМСҚ) тарату туралы петиция ұйымдастыру мәселесін талқылауға кірісті.

Азаматтар біріншіден, қорға аударылатын жарна пайызының жыл сайын өсетініне қарсы. Екіншіден, күн көру үшін бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар барлық жұмыс орнынан және барлық табысынан қорға жарна аударуға мәжбүрлеуге қарсы. Бір адам бір жарна аударса да жететін еді, алайда қор қомағайлық танытуда. Үшіншіден, қор жұмысында сол бұрынғыдай ашықтық, жариялылық жоқ. «Бізге дамыған елдердің тәжірибесін таңады. Әйткенмен Қазақстанда қай жерде ақша жинала бастаса, сол жерде дереу мықты тіректері бар жемқорлар пайда болады» дейді Үміткүл Ә.

Жүйеде бұдан басқа да проблемалар жетерлік. Халық осы мәселемен көшеге шығуға да даяр екенін ашық айтуда. Бұл енді ашынғандықтан.

Елімізде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сақтандырылуға міндетті: 18 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткер қариялардың жарнасын қорға мемлекет аударады. ӘМСҚ дерегінше қазіргі кезде 15,9 миллион адам «сақтандырылған» мәртебесіне ие. Дегенмен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде қазақстандықтардың саны 18 миллион 880 мыңға жетті. Мұның сыртында Қазақстанда тұрғылықты тұратын, жұмыс берушілері сақтандыратын шетелдіктер мен Еуразиялық одақ елдерінің азаматтары бар. Осыдан-ақ қаншама миллион адамның медсақтандыру жүйесінен тыс қалғанын және емханаларда тегін емделе алмайтынын бағамдай беруге болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сендіруінше, 2020 жылы қазақстандықтарға қор арқылы 11 миллион консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіліпті. Амбулаториялық жағдайда 215 миллион медқызмет ұсынылған. Осы үшін мемлекеттік емханалар-ауруханалар мен жеке клиникаларға МӘМС жүйесінен тек былтырғы бір жыл ішінде 550 миллиард теңге аударылыпты. Халық мұның бәрін өтірік санайды: «бұлар өзара келісіп, сырқаттар есебінен ақшаны талан-тараж етуде» дейді.

Динара Ізбасарова Ақтөбедегі өзі тіркелген емхананың «қосып жазумен» (приписки) айналысып жатқанына арызданды. 

«Шағым айтып, енді қайда баратынымды білмеймін. Емхана отбасымның мүшелері үстінен көрсетпеген медқызметтерін ойдан шығарып, жазып жатыр, ол жөнінде әр жерге шағымдандым. Масқарасы сол, менің үш жастағы қызыма тиісуде. «Дамумедте» көрсетілгендей, оған көзіне әлдебір операциялар «жасапты». Дәл карантин кезінде ол белгісіз бір скринингтерден өткен көрінеді. Және қайдағы бір ақылы клиникалар адам сенбес диагноздар қойған, біз алдынан өтпек түгіл, атын да естімеген дәрігерлер мен мамандар қызымды «қарапты». Байқап тұрсақ, біз өне-бойымызды дерт жайлап, қалпымен дәрігерлерді жағалаумен болыппыз. Бірақ бұл деректердің бірде-бірі шындыққа сәйкес келмейді! Жақында қызымды ЖШС мәртебесіндегі клиникада Сүйінғарина деген дәрігердің «тексергені» туралы хабарлама алдым. Барлық бағыттаманы біздің педиатр жазып жатыр. Емхананың басшысы сын-ескертпелерімізге еш құлақ асатын емес», – дейді ол.

Мұндай шағымдар көп.

Қынжылтатыны сол, емханаларға жүгінгендердің өзі тиісті жәрдем ала алмауда: медұйымдар «тегіні жоқ» деп қол жайып, ақылы қызметке жүгінуге мәжбүрлейді. Бұған осы сараптама авторы да жолықты.

«Интернетте қаншама ақпарат жүр, оған сәйкес, 2020 жылдан бері зейнеткерлерге стоматологиялық қызметтер МӘМС аясында тегін көрсетілетіні айтылған. Бірақ біздің стоматолог дәрігеріміз 2015 жылғы №626 бұйрыққа сілмеме жасап, ауру тісімді тегін жұлудан бас тартты», – деп қапаланады Айбат Сәлменов.

Айта кету керек, мұнысы заңсыз: себебі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы болған кезде Біржан Нұрымбетов қол қойған «Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 шілдедегі №626 бұйрығының күшін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2020 жылғы 19 қазандағы №ҚР ДСМ-136/2020 бұйрығымен жойды. Алайда әлі күнге бірқатар дәрігер сол ескі бұйрықты пайдаланады. Бұл дәрігерлерді уақытында әрі тиісті дәрежеде ақпараттандырмайтын, түсіндіру жұмыстарын жүргізбейтін ДСМ-ның не жергілікті әкімдіктердің денсаулық сақтау басқармаларының ағаттығы болса керек.

Ақтау тұрғыны С.Боранбаева бастан кешкен қиындықтарын баяндап берді. Биылғы 2 наурыз түні оның бес жасар ұлы үйде асыр сала ойнап жүріп, аяғына зақым келтіріп алады. Сол күні аяғын ұстап еңірегенімен, шаршағаннан ұйықтап қалады.

«Ертесіне біз оны 26 шағынаудандағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткіздік. Сол жерде қаптаған анализ-талдаулар жасады. Баланы бір мезгілде екі дәрігер қарады. Рентгенге де түсірді. Содан кейін түсірілімді қарап тұрып, дәрігердің бірі әлденеден күдіктенді. Алайда екіншісі «Просто ушиб!» деп, әріптесін де, бізді де соған сендірді. Осылай бізді тыныштандырып, үйімізге аттандырды. Бір апта бойы ауырсыну сезімі басылмады, ұлым үнемі жылаумен, жүргенде ақсаумен болды. Сол жеріне қол тиіп кетсе, зар илейді. Аяғына жолатпайды. Біз болсақ, қаншама анализ бен рентген түсіріліміне негізделген «жай ауыртып алған ғой» деген диагнозға сеніп, оны жұбатумен болдық. Өйткені сол диагнозға өзіміз қапысыз сендік», – дейді көпбалалы ана. 

Оның айтуынша, бұл баласы еркетотай емес-тін, сондықтан тосын мінез танытуының астарында ауру барын ұғынып, қазақ емшісіне қаралады.

«Тәуіп тіпті рентген түсірілімін де сұратқан жоқ, сипап отырып, аяғының сынғанын айтты. Мұндай күрделі жағдайда шұғыл түрде ауруханаға баруымызға кеңес берді. 10 наурызда «Ча-Кур» ақылы клиникасына жүгіндік. Олар ақысын алып, қайтадан рентгеннен өткізді. Оның ортопед-травматолог дәрігері дәл диагноз қойды: оның айтқаны емшінің айтқанымен сәйкес келді. Баланың аяғы шынымен ішінен сынған екен. «Гипс уақытында салынбағандықтан, оны енді салу пайдасыз» деді дәрігер. Қазіргі кезде бізді дәл сол дәрігер басқа жерде – «Денсаулық» ақылы клиникасында емдеп жатыр», – дейді ана.

Бала қалпына келіп, сауығуы үшін массаж жасату, физиотерапия, физемдеу және басқа да ақылы процедуралардан өтуі керек көрінеді.

«Мен 4 бала өсіріп, үйде отырған анамын, жұмыс істемеймін. Күйеуімнің табысына өмір сүреміз, ол күнделікті тұрмыстан артылмайды. Осыған жұмысына салғырт қараған, білімсіз мемлекеттік аурухана дәрігерлері жол берді. Дәрігерлер қателігінен ұлым бір апта бойы азап шекті. Егер біз күмәнданып, ақылы қызметке жүгінбегенде, оның тауқыметі таусылмас еді. Сондай-ақ мемлекеттік аурухана бізге қажетсіз шығын келтірді. Заң бойынша сол емді тегін ала алатын едік. Себебі, балам сақтандырылған. Бұл мемлекетте тегін емделу балаларға да қолжетімсіз болып барады», – деп ашынады ол.

Айтқандай, әлгі дәрігерлер өздерінің аты-жөнін еш көрсетпепті, баланың анасына да айтпаған. Бір белгілісі, олар биылғы 2 наурызда балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде кезекші болған.

Емханалардың көбінде тар мамандықты дәрігерлер жетіспейді. Сондықтан қазақстандықтар мен сарапшылар бір мезгілде бірнеше емханаға тіркелуге рұқсат етуді ұсынуда. Бұған медсақтандыру қоры «жоқ!» деп үзілді-кесілді жауап қайырды.

«Жоқ. Азамат жаңа медұйымға тіркелгеннен кейін бұрынғы клиникадан оны автоматты түрде шығарып тастаймыз. Мұның себебі қарапайым: ӘМСҚ медициналық ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүргізеді және бір адам үшін бірнеше емханаға төлей алмаймыз», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Дереккөз: inbusiness.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Б
Бактыгул 15.03.2021
Жумыс жасамайтын адам оган толейтин акшаны кайдан алат алде жумыссыздар шетинен оле береме ауырып сол екімын бирзатты толеп баргандс керим кылып карайтындай мартулар бир
Жауап беру
L
Laura 14.03.2021
мед сақтандыруға қарсымын жумыс жасамай уйде отан аналарға киын политехника қарамайды.
Жауап беру
Л
Лаура 14.03.2021
Ақтобе қаласынанмын.5полеклиникаға салқын тиіп жөтелгесін,аптека антибиотик дәрігердің рецептінсіз бермегесін дәрігерге тіркелуге сәжбүр болдым.Мені тіркелген дәрігерім фильтрге жіберді.пцр тэст тапсырдым.рентгенге жолдама бере алмайды себебі мен жұмыссызбын.1жылдан бері сақтандыру төлемегенмін.Сөйтіп жүріп ешқандай назначение бермейді.қазақы еммен жазылып кеттім.мына сақтандыру деген дұрыс жүйеге қойылмаған.мен ақысыз тек вичке анализ тапсыра алады екенмін.Сақтандыруды 1-2айға төлей алмаймын 1жылға төлетеді екен.Менің қаражатып асып бара жатса жеке клиникаға тіркеліп алар едім.Аурыруға қорқатын болдық.бұрынғыдай жайбарақат күніміз жақсы еді.
Жауап беру
М
Мөлдір 14.03.2021
Сонымен мед. сақтандыру алын ма?
Жауап беру
Д
Дина Калиева 14.03.2021
Алынып тасталсын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл