463.91
544.63
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Білімнің жұлдызы – 2026» жобасының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар

«Білімнің жұлдызы – 2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

07.05.2026
мин
0
816
Сурет: ЖИ

«Білімнің жұлдызы – 2026» жобасының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Дәулеттен» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Білімнің жұлдызы – 2026» шәкіртақы жобасының жеңімпаздары белгілі болды. Биыл жобаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 671 студент өтінім берген.

Іріктеу нәтижесінде барлық талапқа сай келген 200 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздар тізімі www.dauletten.kz сайтында жарияланды.

Жоба ұйымдастырушылары шәкіртақы иегерлерін құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

– Шәкіртақы жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жобаның басты мақсаты — талапшыл, білімге, ғылымға құштар студенттерді ынталандыру, көмек беру, — дейді қор Президенті Жасұлан Бостандықұлы.

Айта кетейік, осыған дейін жоба аясында 700 білімді студентке шәкіртақы тағайындалған. Байқау еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарының ақылы бөлімінде білім алып жатқан студенттеріне арналған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл