Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мобильді телефон жоғалып немесе ұрланған жағдайда қандай шара қолдану керек?
Жаңалықтар

Мобильді телефон жоғалып немесе ұрланған жағдайда қандай шара қолдану керек?

02.11.2024
1 мин
0
754
Сурет: alo.md

Мобильді телефон жоғалып немесе ұрланған жағдайда: жеке деректерге бөгде адамдардың қол жеткізуін шектеу жолдарын Dauletten.kz оқырман назарына ұсынады. 

Қаржыңызды, байланыстарыңызды және аккаунттарыңызды қорғау үшін не істеу қажет?

Смартфондар қазірдің өзінде үлкен көлемдегі жеке және қаржылық ақпаратты сақтайтын орынға айналды. Сондықтан құрылғының ұрлануы немесе жоғалуы трагедияға тең болып саналады. Соңғы ресми деректер бойынша, Қазақстанда "мобильді телефон ұрлау" қылмысының деңгейі жоғары. Абоненттік құрылғыларды міндетті түрде тіркеу (IMEI*) мұндай қылмыстардың санын азайтуға көп көмек көрсете алмады – телефондар бұрын да ұрланатын, қазір де ұрлануда. 2024 жылдың қыркүйек айында 5844 ұрлық тіркелген.

Телефон ұрланған немесе жоғалған жағдайда не істеу керек екенін түсіндіреміз.

№1. Телефон ұрланған жағдайда ең алдымен не істеу керек

Алғашқы ұсыныс – ұялы байланыс операторына телефонның ұрланғаны туралы хабарлау. Оператор нөмірді бұғаттап, енді ешкім оған қоңырау шала немесе хабар жібере алмауы үшін қажетті шараларды қабылдайды. Бұл қадамды Beeline өз клиенттеріне ұсынады. Нөмірді бұғаттау үшін оператордың колл-орталығына қоңырау шалып немесе жақын маңдағы ресми байланыс салонына бару керек.

Tele2 операторы пайдаланушыларына құрылғы жоғалған немесе ұрланған жағдайда нөмір үшін шығыс қоңыраулар мен SMS-терге шектеу қоюды ұсынады. Бұл әрекетті "Өз-өзіне қызмет көрсету" жүйесінде әкімші ретіндегі құқықтарды пайдаланып жасауға болады. Осылайша, құрылғыдан қоңырау шалуға немесе SMS жіберуге болмайды, бірақ пайдаланушы телефонға қоңырау шалып, оны таба алады.

Kcell ұялы байланыс операторының сайтында "Құрылғымды ұрлап кетсе, не істеуім керек?" деген сұраққа, құқық қорғау органдарына жүгініп, құрылғының ұрланғаны туралы өтініш беру ұсынылады. Арнайы бұғаттаудан кейін құрылғы Қазақстанның ұялы байланыс операторларының желілерінде жұмыс істей алмайды.

№2. Құрылғының ұрланғаны туралы өтініш беру жолдары

Телефонды қандай да бір заңға қайшы мақсаттарда, соның ішінде террорлық әрекеттер үшін ұрлауы мүмкін. Құқық қорғау органдарына жүгінгенге дейінгі кез келген заңсыз қоңыраулар үшін телефон иесі жауапты болады.

Сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылық туралы (ұрлық – қылмыстық құқықбұзушылық) хабарлау Қазақстан заңнамасында талап етіледі. Барлық 102 нөміріне жасалған қоңыраулар міндетті түрде жазылып, аудиожазба сақталады.

Телефонның ұрланғаны туралы өтініш кез келген полиция бөлімшесінде қабылдануы тиіс. Телефонның жоғалғанын байқаған сәттен бастап ең жақын бөлімшеге жүгіну ұсынылады. Полицияға IMEI кодын (құрылғының сәйкестендіру нөмірін) хабарлау қажет. Бұл кодты құрылғы сатылған қораптан немесе ұялы байланыс операторларынан алуға болады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, осындай қылмыстарды ашу деңгейі 90% құрайды.

№3. Егер телефонға банк карталары тіркелсе не істеу керек

Егер ұры банк қосымшасына қол жеткізе алса, онда бірнеше минут ішінде барлық қолжетімді ақшаны шығарып жіберуі мүмкін. iNOVA TECH киберқауіпсіздік мамандары күрделі құпиясөздерді орнатуды ұсынады, ал туған күн мен жылды қолданбауды ескертеді. Құпиясөз неғұрлым ұзын болса, соғұрлым қауіпсіз болады. Сонымен қатар, құпиясөзде бас әріптер, кіші әріптер, сандар және белгілердің комбинациясы болуы тиіс.

Әртүрлі аккаунттарға бірдей құпиясөзді қолданбауға кеңес беріледі. Бір аккаунт бұзылған жағдайда қалғандары да осал болуы мүмкін. Ал графикалық кілтті қарапайым және болжамды траекторияда салмау керек.

Kaspersky.kz мамандары мобильді құрылғы ұрланған жағдайда Google немесе Apple ID аккаунтына кіріп, телефонды бұғаттауды, сондай-ақ оның орнын картадан табуды ұсынады. Google және Apple смартфонды бұғаттау кезінде Find My немесе "Құрылғыны табу" функциясы арқылы карталарды ажыратуды ұсынуы мүмкін, бірақ аккаунт баптауларында банк карталарын қолмен ажыратуға да болады. Осылайша, карталарды бұғаттаудың қажеті болмайды.

Android үшін:

Google аккаунтына кіріп, "Төлемдер мен жазылымдар" ("Платежи и подписки") бөліміне өту керек. Содан кейін "Төлем әдісін баптау" ("Настроить способ оплаты") батырмасын басып, банк карталарын жойыңыз.

iPhone үшін:

Apple ID аккаунтына кіріп, "Құрылғылар" ("Устроиства") бөлімінде ұрланған iPhone-ды табыңыз. Карталар тізімінің астында «Барлығын жою» ("Удалить все") батырмасын басыңыз.

Әлеуметтік желідегі жеке деректерге қол жеткізуді болдырмау үшін аккаунттар мен электронды поштаның құпиясөздерін өзгерту қажет.

№4. Телефон ұрлығы үшін қандай жаза қолданылады

Мобильді телефон ұрлығы – өте ауыр қылмыс және ҚР ҚК 188-бабына ("Бөтен мүлікті жасырын ұрлау") жатады.

Бұл бап бойынша ең қатаң жаза – үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу. Ең жеңіл жаза – 1000 АЕК көлемінде айыппұл (3,7 млн теңге) немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары.

Егер ұрлық алдын ала келісілген топпен жасалса (ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі), жаза қатал болады – 3000 АЕК көлемінде айыппұл (11 млн теңге), түзету жұмыстары немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл