Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Олигарх Патох Шодиевтің қызы Муниса Шодиева Евразиялық банктің директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Муниса Патохқызы Шодиева жаңа директорлар кеңесінің мүшесі ретінде, сонымен бірге тәуелсіз директор – директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Арман Жақыпбекұлы Нұрышев сайланды, - деді Евразиялық банктің баспасөз қызметі.
Сол шешім бойынша директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор Жанбота Бекеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Енді банктің директорлар кеңесінің құрамына кіретіндер:
▪️Машкевич Александр Антонович – директорлар кеңесінің төрағасы;
▪️Ибрагимов Шухрат Әлижанұлы – директорлар кеңесінің мүшесі;
▪️Шодиева Муниса Патохқызы – директорлар кеңесінің мүшесі;
▪️Репей Виталий Николаевич – тәуелсіз директор – директорлар кеңесінің мүшесі;
▪️Нұрышев Арман Жақыпбекұлы – тәуелсіз директор – директорлар кеңесінің мүшесі.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде КазТАГ мәліметінше, Муниса Шодиева өзінің әкесінің орнына "Евразиялық қаржы компаниясы" директорлар кеңесіне кірген болатын (КазТАГ).