Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгінгі таңда Қазақстанның қар жамылғысының ауданы 72%-дан 66%-ға дейін азайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров хабарлады.
16-19 наурыз аралығында жауын-шашынсыз ауа райы, және температураның жоғарылауы болжанады. Наурыздың үшінші онкүндігінде ҚР басым бөлігінде, батыс өңірлерін есептемегенде, қар, бұрқасын, екпінді жел болжанады.
«Қазгидромет мамандарының бағалауы бойынша наурыз айының соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, қарқынды қардың еруіне және су басу қаупіне әкеледі. Сонымен қатар РФ шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты», - деді спикер.
Оның айтуынша, гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі.