Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Неге шетелдіктер доллар ұстайды? Шетелдіктердің доллар ұстауы америкалықтардың әл-ауқатына әсер ете ме?
Ресей мен Қытай доллардың ықпалын төмендетуге тырысқанымен, доллар әлі де әлемдік резервтік валюта болып табылады. Ал әлемдік валюта резервтерінің шашамен 61%-і доллармен ұсталады.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін британдық фунд ең көп таралған валюта болды. Десе де бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбритания экономикасы өзінің негізгі қарсыластарынан артта қалып, АҚШ экономикалық және саяси күшке айналды.
Доллар валютасы жайлы кеңірек тоқталатын болсақ:
Инфляцияға қарсы қорғаныш. Инфляциясы жоғары елдерде АҚШ долларын ұстау жинақ ақшаның құнын қорғаудың тағы бір тәсілі ретінде қолданылады. Мысалы, егер Аргентинаның инфляциясы АҚШ-қа қарағанда 20% жоғары болса, демек Аргентинадағы ақшаның құны 20% түседі. Ал егер Аргентина доллар ұстаса, олар инфляциядан кейін долларды аргентиналық песоға аударып ала алады.
Доллар – ресми немесе паралель валюта ретінде қолданылады. Гиперинфляцияның кезеңінен кейін Зимбабве дағдарысты жеңудің жалғыз жолы – АҚШ долларын пайдалануға оралу екенін сезінді. Бұл инфляцияны бірден тоқтатты. Ресей мен Қытай валютасы әлемнің барлық жерінде қабылданбауы мүмкін. Ал АҚШ доллары бүкіл әлемде айналымда болады. Азиядағы барлық транзакциялардың 80%-і доллармен жүреді. Ал Панама мен Багама сияқты кейбір елдерде қос валюталық жүйе бар.
Мәулен Орынбасар
Тағы көру