Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Интернет желісі арқылы онлайн несие рәсімдеу жеңіл. Тіпті кез келген азамат оны үйде отырып ала алады. Мамандардың айтуы бойынша, елімізде көп азаматтар банктерден гөрі микроқаржы ұйымдарын таңдауының себебі де осы.
Бүгінде заң бойынша бұндай ұйымдардың жұмыс істеу барысы қадағаланып келеді. Десе де олар азаматтардың қаржылық және заңдық сауатының төмендігін пайдаланады. Жалпы Қазақстан бойынша шағын несие рәсімдейтін мекемелерден берілген қарыз мөлшері 375 миллиард теңгені құрады. Аталмыш ұйымдарға заң шеңберінде белгіленген шекті жылдық тиімді мөлшерлеме 56%.
Мамандар азаматтарға онлайн несие алар алдында шағын несие беретін ұйымды дұрыстап таңдауға кеңес береді. Сондай-ақ, келісімшартқа қол қоймас бұрын мұқият оқыған абзал. Міндетті түрде несие проценті, екі жақты жауапкершілікке мән беру керек. Ал келісімшартта «Қосымша қызмет» деген сөз болса, онда міндетті түрде несие алудан бас тартып, басқа ұйым іздеу керек. Себебі, бұл бөлім несие алушыға кері әсер етуі мүмкін. Заңгерлер бұл бөлім тек қаржы ұйымының сыйақысын арттыратындығын айтады. Ал қарыз алушы төлемді кешіктірген жағдайда заң бойынша тұрақсыздық айыппұлы жалпы соманың 10 процентінен аспауы керек.
Тағы көру